Бішкектегі әуе апаты кезінде аман қалған ұшқыш ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан үкіметі Бішкек маңында түріктің «Боинг -747» ұшағы апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандардың туыстарына арналған жедел желі ұйымдастырады, деп хабарлады ҚР үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

 Бішкектегі әуе апаты кезінде аман қалған ұшқыш ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды

«Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеуде. Өрт сөндірушілер үйдің үстіне құлаған кеме сынықтарын тазалауда. Өтемақы төленеді, сомасы нақтылануда», - делінген хабарламада.

16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Қырғызстанның Шу облысы Сокулук ауданы Дача-Суу ауылы маңындағы әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған Turkish Airlines әуе компаниясының Boeing-744 жүк ұшағы құлады.

Соңғы деректерге сәйкес апаттың салдарынан 32 адам қаза тапқан. Аман қалған ұшқыш ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.