Бішкектегі қазақстандықтар президент сайлауына 100 пайыз қатысты

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қазақстанның Бішкек қаласындағы дипломатиялық өкілдігі жанындағы сайлау учаскесінде жергілікті уақытпен сағат 17:00-дегі жағдай бойынша 162 қазақстандық дауыс беріп, сайлауға қатысу 100 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігіне сілтеме жасап.
None

Учаскелік комиссия өкілдері атап өткендей, Қазақстан азаматтары сайлау учаскесіне таңертеңнен бері келе бастады.

Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігіндегі сайлаушылар тізіміне 160 адам тіркелген.

Бұл ретте дауыс берген азаматтардың арасында негізгі сайлаушылардың негізгі тізіміне ілікпей қалған қандастарымыз да көптеп тіркелді.

Алғашқылардың қатарында сол күні Бішкекте оқу-жаттығу жиынында жүрген жас спортшылар да болды.

Сондай-ақ, осы елде тұрақты және уақытша қызметтік, туристік және жеке мақсатта жүрген азаматтар, студенттер де сайлауға белсенділік танытты.

Қазақстан Республикасының Бішкек қаласындағы Елшілігінің қызметкерлері сайлаудың ашықтығы мен жариялылығын, сайлау учаскесінің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бар күш-жігерін салды.

Қырғызстандағы Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауын ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен ҰҚШҰ халықаралық байқаушылары бақылап отыр.


Соңғы жаңалықтар