Бішкектегі Қытай елшілігі маңында жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан астанасындағы Қытай елшілігі маңында жарылыс болды, деп хабалады ТАСС агенттігі Бішкек қалалық ішкі істер басқармасына сілтеме жасай отырып.
Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, сейсенбі күні таңертең белгісіз автокөлік Қырғызстандағы Қытай елшілігі аумағына баса-көктеп кіргісі келген және сол мезетте жарылыс болған.
«Салондағы автокөлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, елшіліктің қақпасына зақым келген», - деп хабарлады қалалық милиция бөлімшесі. Алдын ала мәліметтер бойынша, елшілік күзетінде жұмыс істейтін екі адам жараланған. Төтенше жағдай орнына қырғыз милиция қызметкерлері келіп, жарылыстың себептерін анықтауда.