11:23, 22 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Бішкектегі «Манас» әуежайы уақытша жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкектегі «Манас» әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды Kabar .

Ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежай әуе кемелерін қабылдап та, ұшырып та жатқан жоқ. 4 рейс ұшуды күтіп тұр.
Өз рейстерін күтіп отырған жолаушылармен Аэрофлот, Flydubai, Орал әуе желілері мен Эйр Манас әуе компанияларының өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Әуе кассасының өкілі мәлім еткендей, әуежайда тіркеу жұмыстары сағат 18:00-де басталады.