Бішкектегі мейрамхананың бірінде қырыққа жуық адам астан уланып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкектегі мейрамханалардың бірінде ас ішкен қырыққа жуық адам уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Бішкектегі мейрамхананың бірінде қырыққа жуық адам астан уланып қалды

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, астан ұшынғандар кешеден бері ауруханаға келіп түсіп жатыр.

1 сәуірде Республикалық инфекциялық ауруханада зардап шеккен 38 адам жатыр, олардың 7-уі бала. Науқастардың жағдайы орташа деңгейде деп бағалануда. Барлығына ем-дом жасалып, қажетті медициналық көмекті көрсетуде.

Қырғыз Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық орталық тарапынан тексеру жүргізу қолға алынған. Бастапқы мәлімет бойынша, мейрамханаға жиылған 190 қонақтың дені елдің түкпір-түкпірінен келген (Ош, Ыстықкөл, Нарын). Осыған байланысты барлық облыстық және аудандық санитарлық эпидемиологиялық орталықтар қажетті іс-шараларды жүргізуге жұмылдырылған.

Зардап шегушілерден талдама алынып, зертханаға жөнелтілген. Оның нәтижелері алдағы үш тәулік ішінде белгілі болады. Сонымен қатар, мейрамханада да сынамалар алынған.