Бішкектегі учаскеде сайлаушылар 100% дауыс берді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінің жанындағы №264 учаскеде тіркелген сайлаушылар 100 пайыз дауыс берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, адамдар таң атысымен сайлауға көптеп келе бастаған. Күннің екінші жартысында учаскеде тіркеуге алынған азаматтардың барлығы өздері таңдаған кандидатқа дауыс беріп үлгерген.

Сайлаушылардың арасында студенттер, туристер, бизнесмендер, өнер иелері болды.

Еске сала кетейік, Бішкекте бүгін Қазақстанның 102 жастағы халық әртісі Айша Абдуллина дауыс берді.

Сондай-ақ опера әншісі Майра Мұхамедқызы да Бішкекте дауыс берді.

Бішкектегі сайлауға халықаралық байқаушылар қатысты.

Автор: Наталья Гильт

Соңғы жаңалықтар