Бішкектің бұрынғы әкімі президенттік жарыстан өз кандидатурасын алып тастады
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Сарапшылардың пікірінше, Қырғызстандағы президенттік жарыста көшбасшыларының бірі болған Бішкектің бұрынғы әкімі Нариман Төлеев ОСК әрекеттері салдарынан өз кандидатурасын сайлаудан алып тастады.
«Куәлігімді сайлау науқанының аяқталуына екі апта қалған уақытта ғана алдым. Менің және менің жақтастарымның президент сайлауында кандидат ретінде қатысуына бірнеше кедергі жасалды. Сол себепті сайлау бағдарламасы да үзілді», - делінген Төлеевтің дүйсенбі күні таратылған хабарламасында, деп хабарлайды Тrend.
Төлеевтің сөзіне қарағанда, «ашық әрі әділ сайлау өткізуге тиісті» ОСК өз әрекеттерімен оны екі таңдаудың ортасында қалдырды: «өз халқымды, олардың дауыстарын ақшаға сатып алу немесе әділдіктің шегінен шықпау».
«Мен әділ күресуге дайын болдым. Алайда маған кедергі келтіру үшін барлық әрекеттер жасалды. Мен басқаша әдіспен президенттік таққа таласуға моральдік құқығым жоқ. Сол себепті мен өз кандидатурамды алып тастау жөнінде шешім қабылдадым», - деді саясаткер.
Осылайша, Қырғызстан президенті сайлауына қатысу үшін 22 кандидат қалды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы сайлау бюллетенінде кандидаттардың реттік тізімін белгілеу үшін жеребе тастайтын болады.