Бішкектің ІІББ-де ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы құрылды

БІШКЕК. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бішкек қаласының Ішкі істер бас басқармасында ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы құрылды.
None
None

Жаңа бөлімше ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің тараптарынан болатын тәртіпке қарсы акцияларды анықтау, ескерту мен алдын алу мақсатында, бизнесмендер мен кәсіпкерлерді қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында, әртүрлі жекеменшік нысандарды басып алу әрекеттері мен ел астанасы аумағындағы криминалды жағдайдың тұрақсыздығына жол бермеу мақсатында ашылып отыр.

Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің басшылығы елдегі ұйымдасқан қылмысқа кең көлемде қарсы тұру шаралары туралы мәлім еткен. Бүгін Қырғызстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің өкілдері осы бағытта қырғыз билігіне қолдау білдіретіндіктерін мәлім етті. Американ дипломаты Ларри Меммот Қырғызстан Республикасы вице-премьер-министрі Шәміл Атахановпен болған кездесуінде америка тарабы Қырғызстандағы үкіметтік бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға көмектесуге дайын екендігін жария етті.

Соңғы жаңалықтар