Бишімбаев пен Байжанов үкімі өзгеріссіз қалды

сот
Фото: ҚР Жоғарғы соты

АСТАНА. KAZINFORM – Апелляциялық сот экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжанов үкімін өзеріссіз қалдырды.

Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.

Бүгін Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сот отырысы басталды. Отырыс тікелей эфирде өтті.

Сондай-ақ, экс-шенеуніктің мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін бе деген тақырыпта шолу жасаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram