Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сатыдағы сот отырысы тікелей эфирде өтетін болды

сот
Фото: ҚР Жоғарғы соты

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Жоғарғы соты  Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түскенін хабарлады.

«ҚР Жоғарғы соты республика соттарының отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастырып жатыр. Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті», - делінген хабарламада.

Судьяның осы жылдың 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді.

Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді. 

Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы Соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел жарияланады.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.

Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.

Сондай-ақ, экс-шенеуніктің мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін бе, деген тақырыпта шолу жасаған едік.

Одан бөлек, Қ. Бишімбаевтың мерзімінен бұрын босап шығуына кімдердің келісімі керек екендігіне қатысты Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың пікірін білдік.

Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сотқа жіберілді.

Соңғы жаңалықтар