Бишімбаев ісі: Айыптылар сот алдындағы соңғы сөзін айтады

АСТАНА. KAZINFORM – Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс мәресіне жетіп қалды. Бұл туралы ҚР Жоғағры Соттан хабарлайды.

сот
Фото: Диана Бижанова/Kazinform

«Бүгін сот жарыссөзінде айыптылар сөйледі, содан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды. Одан әрі сот алқа билердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады). Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады», - делінген хабарламада.

2024 жылғы 6 мамырда, сағат 10:00-де айыптылар сот алдында соңғы сөзін айтады.

Бүгін түскен дейін жарыссөзде екінші күдікті Бақытжан Байжанов шындық детекторынан өтуге дайын екенін айтқан еді. 

Кеше Қуандық Бишімбаевты қорғаушылары ақтауға тырысқан еді. 

Соңғы жаңалықтар