Бишімбаев ісі: елорда сотына апелляциялық шағым түсті

АСТАНА. KAZINFORM – Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісіне кесілген сот үкімін қайта қарау бойынша арыз түсті.

Бишімбаев ісі: елорда сотына апелляциялық шағым түсті
Фото: Жоғарғы сот

Астана қалалық қылмыстық істер сотына апелляциялық шағым бүгін түскен, бірақ кімнің атынан берілгені белгісіз.

Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. 

Бұрынғы министр «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен сотталғанын атап өткен жөн.

Ал оның інісі Бақытжан Байжановқа 4 жылға үкім кесілген еді.

Айта кетсек, қоғамда «Қ.Бишімбаев мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін бе?» сұрақ туындаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар