Бишімбаев ісі: інісі Бақытжан Байжанов рақымшылыққа өтініш берді

АСТАНА. KAZINFORM — Бұрынғы Ұлттық экономика министрі, азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыппен сотталған Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов (ол да істі болды) рақымшылыққа өтінім берді.

Бақытжан Байжанов
Коллаж: Kazinform

Бұл ақпаратты Жоғарғы соттың баспасөз қызметі растады.

— Степногор аудандық сотының мәліметінше, 2025 жылғы 9 шілдеде Бақытжан Байжанов рақымшылық туралы заңға сәйкес жазаның мерзімін қысқарту жөнінде өтінішпен жүгінген. Аталған өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ, — делінген хабарламада.

Айта кетсек, істі болған Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов бостандыққа ерте шығуы мәселесі бұған дейін де қозғалған еді

Еске салайық, экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев азаматтық некеде болған әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталды. Ал туыс інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сондай-ақ Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Қуандық Бишімбаевтың рақымшылыққа іліну мүмкіндігі туралы пікір білдірген еді. 

Соңғы жаңалықтар