Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған елорда тұрғыны тергеліп жатыр

Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғынына қатысты тергеу жүріп жатыр
Коллаж: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені жымқырған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ.Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны «Г»-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Агенттік мәліметінше, ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қ.Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті. Сонымен қатар күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды. Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексеріліп жатыр.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдардың қызметіне байланысты қандай да бір мәселелерді шешу сылтауымен алаяқтықтың, оның ішінде пара беруге итермелеумен ұштасқан алаяқтықтың жалғасып жатқан жағдайларына назар аударады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар
telegram