Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін: Алаяқ 100 млн теңге дәметкен

Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін: Алаяқ 100 млн теңге дәметкен
Коллаж: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде еткен Астана тұрғынына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров журналистерге арналған брифингіде мәлімдеді. 

Сотқа дейінгі тергеу Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша жүргізілген.

«Астана тұрғыны аса ірі көлемде алаяқтық жасауға әрекеттенді. Атап айтсақ, Бишімбаевтың жазасын жеңілдетеміз деген желеумен 100 миллион теңгені алды деген күдікке ілінді. Сонымен қатар күдіктінің әрекеті аса ірі көлемде пара беруге итермелеу ретінде сараланып отыр», - деді анияр Биғайдаров.

Оның айтуынша, астаналық тұрғынның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқ екенін анықталып жатыр. 

«Оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу аяқталды, іс қаралуда», - деп қосты ведомствоның ресми өкілі.

Айта кетейік, әйелін өлтірді деген айып тағылып, ақыры 24 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаев темір тордың ар жағында әлі күнге дейін сот шешіміне келіспей отыр. «Жаза бастым» деп жазасын жеңілдетуді сұрайды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram