Бітімгершілік қызмет туралы заң жобасы Мәжілістің алдағы отырысында талқыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтті. Онда алдағы уақытта жоспарланған жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бітімгершілік қызмет туралы заң жобасы Мәжілістің алдағы отырысында талқыланады

Депутаттар назарына «Бітімгершілік қызмет туралы» заң жобасын ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда, ал «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» заң жобасын ілеспелі түзетулермен екінші оқылымда қарау ұсынылады.

Сондай-ақ, Мәжіліс жалпы отырыста екі ратификациялық құжат бойынша, атап айтсақ, Қырғыз Республикасымен Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді және Шекара өкілдерінің қызметі туралы қазақстандық-қырғызстандық үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындайды.