Биткоин бағасы тағы да рекордтық деңгейге жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Сейсенбіде биткоин бағасы сауда деректеріне сәйкес 93 500 доллардан жоғары жаңа рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы «РИА Новости» хабарлады.

Биткоин
Фото: ЎзА

Көлемі бойынша ең ірі криптовалюта биржасы Binance-те биткоин бағасы бір тәулікте 2,82%-ға өсіп, $93 699-ға жеткен, бұл жаңа рекорд болды.

20-дан астам биржаның орташа бағасын есептейтін CoinMarketCap порталының мәліметі бойынша, биткоин бағасы 2,84%-ға өсті — орташа есеппен $93 739.

Бұған дейін Financial Times басылымы Дональд Трамптың Trump Media & Technology Group корпорациясы Bakkt криптовалюта платформасын сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады. Сарапшылардың пікірінше, жаңалық биткоин құнының өсуін қолдайды.

— Криптовалюта қайта әркетке көшті. Trump Media-ның Bakkt-ті сатып алуы тағы бір жағымды жаңалық болды, — дейді Pepperstone зерттеу бөлімінің директоры Крис Уэстон.

Айта кетейік, бұған дейін Биткоин бағамы тарихта алғаш рет 80 мың доллардан асқаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар