Биткоин бағасы 17%-ға төмендеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биткоин сауда сессиясы барысында 33,670 мың АҚШ долларына дейін (-17,12%) төмендеуін жеделдетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Coindesk порталына сілтеме жасап.

Биткоин бағасы 17%-ға төмендеді

Соңғы мәлімет бойынша, биткойн курсы 35,754 мың АҚШ доллары (-11,99%) деңгейінде болды.

Биткойн – кез келген қолданушы, жүйе қатысушысы «өндіре» (айналысқа шығара) алатын блокчейн технологиясы негізіндегі өзі аттас криптовалютаның орталықсыздандырылған жүйесі.

Жүйе концепциясын 2008 жылдың қарашасында оның авторы (мүмкін авторлар ұжымы) Сатоси Накамото жариялады. Биткойнның танымалдылығы кейінгі жылдары өсті.

Еске салсақ, осы жылдың ақпан айында биткойнның бағасы тарихи максимумды көрсетіп, $50,645 мыңға жеткен болатын.