Биткоин бағасы 2015 жылдан бері бірінші рет төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал криптовалюта 2015 жылдан бері алғаш рет жаңа жылды құлдыраумен бастады. Бұл туралы Bloomberg  хабарлайды. 

Биткоин бағасы 2015 жылдан бері бірінші рет төмендеді

Сoinmarketcap мәліметтеріне сүйене отырып, агенттіктің хабарлауынша 2015 жылы криптовалюта құны 1,855%-ке арзандаған. Ал 2018 жылы төмендеу көрсеткіші 4,28%-ке жеткен. Былтыр биткоин бағасы 3,58%-ке дейін өскен.

Еске сала кетелік, биткоин құны 22 желтоқсан күні құлдыраудың шегіне жетіп, бір тәулікте криптовалюта 20%-ке арзандаған болатын.