Биткоиннің бағасы 5 мың долларға жетіп, кейін қайта төмендеді

CoinDesk дерегі бойынша ең жоғарғы курс Қытайдағы OKCoin биржасында тіркеліп, биткоин $5149-ға жетті. Мұндай баға ұзақ тұрмады - тек он минутқа созылды, кейін $5000-ға төмендеді, одан кейінгі сағатта $4867-ге түсті.
Бұдан бұрын сарапшылар танымал криптовалютаның өсетінін болжап, жуық арада биткоинның $5000-ға жететініне сендірген еді. Көптеген сарапшылар биткоинның болашағына қатысты жақсы болжамдар жасады - оның бағамы Goldman Sachs сарапшыларының болжалынан асып түсті: олардың болжамы бойынша, криптовалюта 2017 жылдың соңында ғана $4 мыңға жетуі тиіс болған.
McAfee антивирусын жасаған компанияның негізін қалаушы Джон Макафи алдағы үш жылда криптовалютаның бағасы бірлігіне жарты миллион долларға жетеді деп есептейді.
Bitcoin - орталықтандырылмаған криптовалюта. Оны ешқандай мемлекет басқара алмайды, оның транзакциялары ашық, сондай-ақ құпия. Оның жүйесі сенімді қорғалған, ол өте оңай, сонымен қатар күрделі.