Биткойн бағасы қайта көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қараша айынан бері алғаш рет биткойн бағасы 15%ға өсіп, бес мың доллардан асты. CNN басылымы кенеттен болған бұл жағдайдың себебін мамандардан сұрап көрген.

Биткойн бағасы қайта көтерілді

«DeVere Group директоры Найджел Гриннің айтуынша, бұл драмалық өзгеріс шетте тұрған инвесторларды көптеп тартатын болады. Ал TF Global Markets (Ұлыбритания) бас сарапшысы Наим Асламның айтуынша, биткоин бағасының кенеттен өзгеруі таңғалдырарлық жағдай емес», - деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, биткойн бағасының өсу себебі мамандарға жұмбақ күйінде қалып отыр.