«Битлз» тобының бұрынғы продюсері 19 жылға сотталды

ВАШИНГТОН. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат - Американдық атақты продюсер Фил Спектор осыдан алты жыл бұрын актрисаны өлтіргені үшін 19 жылға сотталып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си телекомпаниясына сілтеме жасап.Сәуір айында 69 жастағы Спектор Калифорниядағы өз үйінде 40 жастағы Лана Кларксонды өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Лана Кларксон жұртшылыққа 1985 жылы түсірілген атышулы «Тағылар патшайымы» фильміндегі ролімен танымал еді.5 айға созылған істі қайта тыңдау барысында продюсер өз кінәсін мойындаған жоқ. Оның адвокаты сот үкіміне шағымданбақ. Жұма күні Лос-Анжелес соты Спекторды екінші дәрежедегі ауыр кісі өлтіру қылмысы үшін 15 жылға және қару-жарақты заңсыз ұстағаны үшін тағы 4 жылға кесті.Сотқа төрағалық етуші судья Спектордың түрмеде ең кем дегенде 19 жыл отыруы керектігін мәлім етті. Тек содан кейін ғана оны босату мүмкіндігі қаралуы мүмкін. Ол кезде Спектор 88 жаста болады. Атақты продюсердің ісі, 2008 жылы өткен бірінші сот үдерісі барысында алқабилер соты ортақ шешімге келе алмағандықтан, қайта тыңдалған еді. Ол кезінде «Битлз» тобымен, Тина Тернер, Шер сияқты әншілермен жұмыс істеген.
Соңғы жаңалықтар