Битум зауыты іске қосылса, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасындағы қазақстандық қамту 92 пайызға жетеді

аусымның 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Битум зауыты іске қосылса, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасындағы қазақстандық қамту 92 пайызға жетеді. Бүгін журналистерге арнап өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізі өте ауқымды жоба, оған жұмсалатын қаражат та қомақты - 825 млрд. теңге. Жоба аясында 50 мыңнан астам адам жұмысқа орналасады, одан бөлек 200 мыңнан астам адам бұл жобадан пайда көреді, бизнестің табысы да қомақты бола түседі. Сонымен қатар, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізіне пайдаланып отырған нақты құрылыс материалдарының 86 пайызы қазақстандық өнімді қамтиды. Ал, өткен аптада Мемлекет басшысы Ақтау қаласында іске қосқан битум зауыты аяқталса, одан шығатын өнім де осы жобаға ұштастырылады. Яғни, бұл зауыттың арқасында біз өзіміздің битумды пайдалансақ, жобадағы қазақстандық қамту 92 пайызды құрайтын болады», деді Ә. Құсайынов.

Соңғы жаңалықтар