Бивол британиялық боксшыны жеңіп, WBA әлем чемпионы белбеуін қорғады
Токмок тумасы Дмитрий Бивол Эр-Риядта өткен бокс кешінде британиялық Линдон Артурды айқын басымдықпен жеңді. Kazinform бұл туралы Кабар-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Айқас соңында төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Бивол жеңімпаз атанды.
Осылайша, ол WBO (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулын қорғап, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.
Енді WBO чемпионының қоржынында жартылай ауыр салмақтағы 22 кездесудегі 22 жеңіс бар. Ал, британиялық боксшы 25 жекпе-жек өткізген. Биволмен айқастан соң екінші мәрте жеңіліске ұшырады.
Биволды рингке шығарда «калифорниялық қырғыз» деп хабарлады. Ол кездесуге Қырғыз елінде дайындалған.
Бұған дейін DAZN вице-президенті Джо Марковский жеңіл салмақтағы ресейлік чемпион Дмитрий Биволдың жеңісі мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жекке келісуге көмектескені туралы айтқанын жазған болатынбыз.