Биыл 1,250 млн. шаршыметр тұрғын үй пайдалануға беріледі ? И. Тасмағамбетов

АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазіргі кезде Астанада 808 нысан салынып жатыр. Оның 217-сі тұрғын үй кешендері. Оның ішінде 127-сі тұрғындардың үлесті капиталы арқылы салынатын нысандар. Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен Астана қаласының орталығында салынып жатқан құрылысты бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов

Биыл 1,250 млн. шаршыметр тұрғын үй пайдалануға беріледі ? И. Тасмағамбетов
мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әкімнің айтуынша, салынып жатқан нысандардың ішінде 170-сі әлеуметтік және мәдени маңызы бар ғимараттар, 40-ы әкімшілік және кеңсе ғимараттары, 113-і инженерлік, жол инфрақұрылымы. Ал 190-ы қайта жөндеуден өтетін нысандар. Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың алғашқы 2 айында барлық қаржыландыру көздері арқылы 396,8 мың шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,5 пайызға жоғары. Жалпы, 2009 жылы 1,250 млн. шаршыметрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, әкімдіктің мәліметіне қарағанда, мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы аясында Тілендиев даңғылындағы ауданы 248 мың шаршыметрді құрайтын тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің құрылысы, сондай-ақ Көктал-2 тұрғындар кентіндегі ауданы 46 мың шаршыметр тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасуда. Мемлекеттік бағдарламаның бірінші және екінші кезеңі аясында ағымдағы жылы 290 мың шаршыметр болатын 6000-нан астам пәтер салу жоспарланып отыр.