Биыл 1,5 мың азамат әскери жиынға шақырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов «2023 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңның 33-бабының 1 тармақшасына сәйкес бұйырамын: 2023 жылы 1 500 әскери міндетті әскери жиындарға шақырылсын», - делінген ведомствоның ресми сайтында жарияланған тиісті құжатта.

Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктеледі.

Қоса кетейік, бұған дейін әскери жиындардан өту үшін 150 қазақстандық Алматы мен Түркістан облыстарындағы ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің департаменттеріне шақырылатынын жазып едік.


Соңғы жаңалықтар
Референдум