Биыл 1 млн адам ғана қажылық парызын өтей алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауд Арабиясы биыл Меккеде қажылық парызын өтегісі келген 1 миллион адамды ғана қабылдамақ, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.

Биыл 1 млн адам ғана қажылық парызын өтей алады

Сауд Арабиясының Қажылық және умра министрлігі 2022 жылы қажылық парызын өтеу үшін келетін адам санына шектеу лимитін енгізді. Яғни, парызын өтеуге Меккеге тек 1 млн адам ғана жіберіледі. Бұл — жергілікті және шетелдік қажыларды қамтитын сан.

Сондай-ақ, қажылыққа келетін адамдарға қойылатын талап та күшейді: олар 65 жастан аспаған және Ковид-19 инфекциясына қарсы вакцина алған болуы тиіс.

Одан бөлек, қажылыққа келгендердің алынғанына 72 сағат өтпеген ПТР тестісі болу керек.

2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты бар-жоғы 60 мың адам ғана қажылық парызын өтеді және олардың бәрі Сауд Арабиясының тұрғыны еді. Шет мемлекеттердің азаматтарына елге қажылыққа келуге рұқсат болмады.