Биыл 1 млн-ға жуық қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 988,8 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Серік Шәпкенов жұмыспен қамту орталықтарын цифрландыру бойынша мәлімет берді. Оның айтуынша, жұмыс іздеген азаматтардың 33 пайызы онлайн қызмет түрін пайдаланған, 26 мың жәрдемақы электронды түрде рәсімделген. Сондай-ақ биыл 988,8 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алған.