Биыл 10 мың тонна сүт өнімдерін шығарамыз - «Danone Berkut» ЖШС бас директоры

АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан сүт өнімдерін тұтыну жағынан дамыған елдерден біршама артта қалып қойды.
None
None

Бұл туралы кеше Алматы облысының Іле ауданындағы «Даму» индустриялық-логистикалық орталығындағы «Danone Berkut» ЖШС-нің дәстүрлі қышқыл сүт өнімдерін шығаратын өндіріс желісін іске қосу жұмысының аяқталуына орай өткізілген шарада айтылды.

«Қазіргі таңда біз 125 түрлі сүт өнімдерін шығарамыз. Алдағы 3 жылда өндіріс көлемін 2 есе ұлғайтып, экспортты арттыруды көздеп отырмыз», - дейді «Danone Berkut» ЖШС-нің бас директоры Давид Манзини. Оның айтуынша, Қазақстан нарығында 10 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан бұл компания бастапқыда импортпен айналысқан. Тек осыдан 4 жыл бұрын арнайы зауыт салуды жөн деп тауып, Алматы облысындағы 9 шаруашылықтан сүт қабылдай бастаған. Былтыр 6500 тонна тонна сүт өнімін шығарған кәсіпорын, биыл оны 10 мыңға, ал келесі жылы 15 мың тоннаға жеткізбек.

Соңғы жаңалықтар