Биыл 100 млрд теңгеден астам қаржы игерілген жоқ - Бақыт Сұлтанов

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қаржының игерілмеуіне  бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің баяу әрекет етуі негізгі себеп болды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 9 трлн 21 млрд теңгені құрады немесе есепті кезеңдегі жоспарға - 97,7 пайызға жетті. Ағымдағы жылдың 8 айында республикалық бюджеттің шығыстары 7 трлн 983 млрд теңгеге игерілді немесе 98,6 пайыз деңгейінде. Өткен жылмен салыстырғандағы игерудің жақсы қарқынына қарамастан, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 115 млрд теңгеге жуық қаржы игерілмеді. Оның ішінде 13,2 млрд теңге бюджет қаржысын үнемдеу, 101,6 млрд теңге қаржының игерілмеуінен болды»,-деді министр биылғы 8 айдағы бюджеттің атқарылуы бойынша баяндамасында.

Оның сөзіне қарағанда, жоспардың орындалмауына бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің баяу әрекет етуі негізгі себеп болды. 8 айдың қорытындысы бойынша 16,6 млрд теңге іске асырылмаған конкурстар мен олардың дер кезінде өткізілмеуі кесірінен игерілмей қалды. Ал 6,9 млрд теңге нормативтік-құқықтық актілердің уақтылы қабылданбауы салдарынан орындалмады.

Екіншіден, бюжеттің тиісті көлемде игерілмеуіне  мердігерлер жұмысына бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан жеткіліксіз деңгейдегі бақылау ықпал етті.

Соңғы жаңалықтар