Биыл 1100 шақырым теміржол жөндеуден өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Теміржол қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биыл елімізде 1 мың шақырымнан астам теміржол желісі жөндеуден өтеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Елімізде жалпы ұзындығы 16 мың шақырым теміржол бар. Жыл сайын 500 шақырым теміржолға жөндеу жүргізіледі. Биыл ол көрсеткіш екі есе артып, 1100 шақырым теміржол жөндеуден өтеді. Бұл жерде басты мәселе қауіпсіздікті қамту. Өздеріңіз білесіздер, қыстыгүні пойыз рельстен шығып кететін жағдайлар болып жатады. Сондықтан жөндеуді жазда жүргізіп үлгеру керек», - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере тұрып.

Одан бөлек, БАҚ өкілдері министрден пойыз кешіккен жағдайда жолаушыларға жеңілдік жасалуы мүмкін бе деген сауал қойды.

«ол жағы қарастырылмайды», - деп қысқа қайырды ведомство басшысы.

Бұған дейін Марат Қарабаев көмір тапшылығына қатысты мәселе көтеріп, кәсіпкерлер халыққа арналған көмірді шетелге сатып жатқанын айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар