Биыл 16 мыңнан астам мас жүргізуші куәлігінен айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы бірінші жартыжылдықта 16 мыңнан астам жүргізуші мас күйде рөлге отырғаны үшін куәліктерінен айырылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Жоғарғы Сот судьясы Нұржан Қайыпжан мәлім етті.
None
None

«Биыл бірінші жартыжылдықта аудандық және қалалық соттарға 541 409 азаматтық және әкімшілік арыз келіп түсті. Бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда, 14 210 аз. Азаматтық істердің 314 903 соңына жеткізілсе, 190 544 қатысты сот шешімі шықты. Жалпы сот актілерінің 98 пайызы заңды деп танылды. Әкімшілік істер 2,7%-ға қысқарып, 200 160 істі құрады. Азаматтық арыздардың 7 324-і балама жолдар арқылы бейбіт шешілді. Атап айтқанда, 4539 іс - келісім жасау арқылы, 2785 іс - медиаторлардың көмегімен шешілді», - деп атап өтті Н. Қайыпжан.

Оның атап көрсеткеніндей, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерде негізінен көлікті мас күйде жүргізген адамдарға қатысты болды. «2015 жылы бірінші жартыжылдықта 16 873 жүргізуші мас күйде рөлге отырғаны үшін куәліктерінен айырылды. Бұл осы санаттағы істердің 87 пайызын құрап отыр», - деп түйді ойын ол.

Соңғы жаңалықтар