Биыл 17 млн. тонна астық жиналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 17 млн. тонна астық жиналды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова мәлім етті.

Биыл 17 млн. тонна астық жиналды

«Ағымдағы жылдың 11 айындағы ауыл шаруашылығының нақты индекс көлемі 99,6 пайызды құрады. Бұл ең алдымен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 3,2 пайызға төмендеуімен байланысты», - деді ол.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, мал шаруашылығында 3,5 пайыз көлемінде өсім байқалады. Ал өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің азаюы астық өнімдерінің жиналған көлемінің төмендеуімен байланысты орын алып отыр.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес ағымдағы жылдың 11 айында жиналған астықтың жалпы көлемі 17 млн. тоннаны құрады. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 6,6 пайызға кем», - деді М.Әбілқасымова.