Биыл 17 мыңға жуық елордалық бүлдіршін 1 сыныпқа барады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, биыл 17 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын алғаш аттайды, деп хабарлайды astana.kz.
Бүгінгі таңда Астанада 88 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Үстіміздегі жылы 5 075 орындық 5 мектеп пен 1050 орындық 2 қосымша ғимарат ашылады. Айта кетейік, 1 маусымда мектепке дейінгі жастағы балаларды сабаққа дайындауға бағытталған «Балдырғандар мектебі» өз жұмысын бастаған болатын. Аталған мекемелер әр мектептің жанынан ашылып, балалардың сабаққа деген ынтасын оятуға, оларға мектептегі оқу жағдайына бейімделуге көмектеседі. «Балдырғандар мектебі» дүйсенбіден жұмаға дейін күніне 3 сағаттан оқытады. Бір топтағы 15-20 бала үшін сабақтардың ұзақтығы 25-30 минут болады.