Биыл 19 млн. тоннадай астық жиналады - ҚР АШМ-ның болжамы

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы жиналатын астықтың таза салмағы 18,5-19 млн. тонна болады. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміряев осындай болжам жасады.

Биыл 19 млн. тоннадай астық жиналады - ҚР АШМ-ның болжамы

«Бүгінде әкімдіктердің ақпараты бойынша бидай егін алқаптарының 97 пайызы жиналды. Осы уақытқа дейін бастырылған өнімнің бункерлік салмағы 20,5 млн. тоннаны құрады. Демек, қазіргі кезде біз биылғы астықтың жалпы көлемі 18,5-19 млн. тоннаға жетеді деп айта аламыз», - дейді М.Өміряев. Вице-министр атап көрсеткендей, биыл Қазақстан экспортқа 9-10 млн. тонна астық шығара алады.