Биыл 2 трлн теңгенің инвестициялық жобасы іске асады
«Былтыр негізгі капиталға салынған инвестиция нақты мәнде 8% өсті. Бұл ретте шикізаттық емес секторға тартылған инвестиция үлесі кейінгі 5 жылда 50%-дан 70%-ға дейін өсті. Шикізаттық емес сектордағы тікелей шетелдік инвестиция үлесі 2005-2006 жылдары 20% болса, былтыр 52%-ға дейін өсті. Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция өсіп отыр. Кейінгі 5 жылда оның көлемі 1,5 есе артты», - деді ол Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Үкімет басшысы сондай-ақ шикізаттық емес секторға тартылған инвестиция көлемін арттыру үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты.
«Инвестициялық жобалар пулында 28 трлн теңгенің 870 инвестициялық жобасы бар. Оның ішінде биыл 2 трлн теңгенің 280 жобасы пайдалануға беріледі. Инвестициялық саясаттың 5 жылға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Ол, бірінші кезекте, шикізаттық емес секторларды дамытуға бағытталған», - деді Әлихан Смайылов.