Биыл 20 миллион тонна астық жиналады деп болжануда - Үкімет басшысы

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы 20 миллион тонна астық жиналады деп болжануда.
None
None

Бүгін Ақордада ҚР Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан еліміздің өткен 9 айдағы әлеуметтік экономикалық дамуы және Үкімет жұмысының негізгі нәтижелері туралы жиында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай мәлім етті.

«Үкімет ағымдағы жылы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыра бастады. «Агробизнес-2020» бағдарламасы саланың қаржылық сауығуын, ірі тауарлы өндірісті құруды, өңдеуші өнеркәсіпті дамытуды қарастырады. Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдаудың жалпы мөлшері төрт жарым есеге артып, бұның өзі салаға 2020 жылға дейін он триллионнан теңгеден астам жеке инвестицияны тартуға мүмкіндік береді», деді С. Ахметов.

Үкімет басшысының айтуынша, Елбасының тапсырмасына сәйкес, бірыңғай астық холдингін құру жұмыстары да орындалған. «Ағымдағы жылы жиырма миллион тоннадан кем болмайтын астық жинау көзделеді», деді С. Ахметов.

Соңғы жаңалықтар