Биыл 200-ден астам қызылордалық түлек Ресей Үкіметінің есебінен білім алады

Қызылордада кәсіби-техникалық білім беру саласында оқу барысына дуалды технология элементтерін енгізуде. Нәтижесінде, колледж түлектерінің жұмыспен қамтылу көрсеткіші 68 пайызға жетті, осыдан екі жыл бұрын бұл көрсеткіш 45 пайыз болатын.
2,5 мыңнан аса Сыр елінің түлектері "Серпін" бағдарламасы бойынша Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі орта арнаулы және жоғары оқу орындарына жолдама алды. Сонымен қатар, сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша тұрмысы төмен отбасынан шыққан 365 балаға Қазақстанның жетекші оқу орындарына берілген әкімнің гранттарын қаржыландыру да жалғасын тапты.
Жалпы алғанда, 2015 жылы мектеп бітірген қызылордалық түлектердің тең жартысы мемлекет есебінен орта арнаулы және жоғары оқу орындарына қабылданды.
- Сыр елінің кемел келешегін біз осы балалармен байланыстырамыз, сондықтан олардың алаңсыз оқып, білім мен білік жинауына қолдан келгеннің барлығын жасаймыз, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.