Биыл 3 мыңға жуық адам арендалық пәтерге кіре алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін арендалық тұрғын үйді салу жоспарланған. 
None
None

Ол баспана жеке меншікке берілмейді, тек жалға алуға болады. Биыл осы санаттағы тұрғын үйлерді салуға 25 млрд теңге бөлінді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бүгінде 25 млрд теңгенің 6 млрд-ы аймақтарға аударылды. Ақшаның қалған сомасы қаржыландыру жоспары бойынша беріледі. "Осы уақытқа дейін аударылған ақшаға 5 936 пәтердің құрылысы басталды. Ағымдағы жылда ол пәтерлердің 2 687-ін пайдалануға беру жоспарланып отыр",- деп атап көрсетті Қасымбек Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, отырыс барысында министр «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарты жылдың ішінде салынған баспананың санын жариялады. Сондай-ақ , қай облыста жер учаскелерінің көптеп берілетінін жеткізді.Министрдің айтуынша, бірқатар аймақтарда xалыққа жеңілдетілген ипотека беріле бастады . 

Соңғы жаңалықтар