Биыл 5 айда 4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді - Қ.Бишімбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикада 2016 жылдың 5 айында 4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 20%-ға артық, деп мәлімдеді бүгін халықпен есептік кездесуінде ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.
None
None

«Біздің министрлік айналысатын бағыттардың бірі - тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй шаруашылық қызметі. 2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасын, Индустриаландыру картасын, тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру арқылы ҚР-да тұрғын үй құрылысының қарқыны 2015 жылдың қорытындысы бойынша 4,5%-ға өсті», - деді Қ.Бишімбаев. 

Жалпы, министр айтып өткендей, 2015 жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы 2 млн-нан көп яғни 8,9 млн шаршы метр үй салынды.

«Нұрлы жол» арнайы бағдарламасы аясында пайдалануға 7,23 мың пәтерлік 427,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді», - деді ол.

Оған қоса, ҰЭМ басшысы 2016 жылдың 5 айында Қазақстанда 4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берлгенін, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20%-ға жоғары екенін айтты.

«Осылайша, 34 мыңнан астам отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты», - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, жалпы «Нұрлы жолмен» қатар әкімдіктер тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатыр. Олар несиелік тұрғын үй желісі бойынша салынуда.

«2015 жылы басталған құрылыстарды аяқтау үшін республикалық бюджеттен 10,2 млрд теңге қарастырылды. Жылдың соңына дейін әкімдіктер желісі бойынша 194 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 2,6 мың пәтер пайдалануға берілетін болады», - деп хабарлады ол.

Бұдан бөлек, Қ.Бишімбаев «Бәйтерек» холдингі арқылы 2016 жылдың қолжетімді және жалдық тұрғын құрылысына өте үлкен сомада қаржы бөлінгенін атап өтті.

«2016 жылға 22,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға 2016 жылдың қортындысында қосымша 371,9 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі. Бұл 6,5 мың қазақстандық отбасының жалдық және несиелік тұрғын үйге қол жеткізетінін көрсетеді. Қазіргі уақытта 26 мың шаршы метр берілді, жыл соңына дейін барлық жұмыстар аяқталады», - деп түйіндеді ол.

Соңғы жаңалықтар