Биыл 5 мыңнан аса талапкер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті атанды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Университет 2010-2011 оқу жылына 3200 мемлекеттік білім грантын жеңіп алып, биылғы жылы қабылдау науқанының көшбасшысы атанды. Олардың қатарында 700-ден аса «Алтын белгі» иегері, ҚазҰУ-дың ірі жобаларының бірі - «Әл-Фараби» олимпиадасының жеңімпаздары, әр түрлі халықаралық және республикалық олимпиада иегерлері мен 90 ректорлық грант иелері бар. Осы жылы ҚазҰУ-дың спорт командасының қатары бірінші курстар ішінен 10 спорт шебері, 22 чемпион мен халықаралық және республикалық спорт жарыстарының жеңімпаздарымен толықты.
Сонымен қатар, биыл ҚазҰУ жоғары оқу орындары арасында алғаш рет бірінші курстардың студенттік вальсін тұңғыш қолға алғалы отыр. Оған қоса, алғаш рет факультет декандарының бастауымен студенттік қалашықтың орталық алаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультеттерінің шеруін өткізеді.
Шара барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Жұмағұлов студенттік билет, сынақ кітапшасы мен білім кілтін тапсырды.
Салтанатты кешке Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов және Бостандық ауданының әкімі Зәуреш Аманжолова шақырылған.