Биыл 516 прокурор 830 мың қылмыстық істің тергелуіне қадағалау жүргізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 516 прокурор 830 мың қылмыстық істің тергелуіне қадағалау жүргізді. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокурорының орынбасары Нұрмұхамбет Исаев мәлім етті.
«Мен бүгін қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс заңдылығын қадағалау мәселесін қозғағым келеді. Аталған бағыттағы қадағалауды еліміз бойынша барлығы 516 прокурор жүзеге асырады. Олар 830 мың қылмыстық істің тергелуіне қадағалау жасап, олардың 60 мыңға жуығын сотқа жолдады», - деді Бас прокурордың орынбасары. Оның сөзіне қарағанда, 1 жылдың ішінде 516 прокурор 120 мың өтінішті қарап шыққан. «Демек, әрбір прокурорға орта есеппен 1600-ге жуық істен және 230-дан астам өтініштен келеді», - деді Н.Исаев.