Биыл 53 мың қазақстандық тегін заңгерлік кеңес алды - Әділет министрлігі

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Биыл 53 мың қазақстандық тегін заңгерлік кеңес алды. Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстанда халықтың осал топтарының әділеттілікке қолжетімділігі» атты конференцияда ҚР Әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов мәлім етті.
None
None

«Ағымдағы жылы халыққа заңгерлік көмек көрсетуге 301 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның 216 миллионы игерілді. Осылайша, 53 мыңнан астам қазақстандыққа заңгерлік көмек көрсетілді», - деп атап өтті Д. Құсдәулетов.

 Оның сөзінше, «Мемлекеттік кепілдендірілген заңгерлік көмек туралы» заң жобасы әзірленген. Ол қазір ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр.

 «Заң жобасында заңгерлік көмектің маңызды түрлерінің бірі ретінде мемлекеттік органдардың құқықтық ақпараттануына үлкен мән берілген. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың бюджетінде құқықтық насихатқа арнайы қаражат қарастырылған. Осы мақсаттарға жыл сайын мемлекеттік бюджеттен ірі көлемде ақша бөлініп отырады», - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Соңғы жаңалықтар