Биыл 7 млн жуық қазақстандық ел ішінде саяхаттаған – рекордтық көрсеткіш

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биыл 7 млн жуық қазақстандық ел ішінде саяхаттаған, бұл – рекордтық көрсеткіш. Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туризм қауымдастығының өкілдерімен кездесу барысында осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл 7 млн жуық қазақстандық ел ішінде саяхаттаған – рекордтық көрсеткіш

«Ресми деректерге сүйенер болсақ, біздің елге келген бір шетел азаматы 1500-2000 доллар жұмсайды. Сонымен қатар, бүгінде ішкі туристердің саны 7 млн адамға жуықтап, рекордтық көрсеткішке жетті», - дейді ол.

Ержан Еркінбаевтың айтуынша, ел ішінде саяхаттаушылар саны жыл соңына дейін 8 млн жетеді деген болжам бар.

«Сыртқы туризм де біртіндеп қалпына келе бастады. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша олардың саны 2,5 есе артып, шамамен 300 мың адам болды», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Бұған дейін, ол Андорра, Иран, Қытай үшін визасыз режим енгізілгенін айтқан болатын.