Биыл 78 млрд теңгенің 7 инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарланған - Ә.Исекешев
АСТАНА. 2016 жылы «зәкірлік» инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 78 млрд теңге болатын 7 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев осылай мәлім етті, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
«Биыл JAC, Hikma, Carmeuse Group, Cremonini, Peugeot, Citroёn, IVECO, Tenaris сияқты бірқатар «зәкірлік» инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 78 млрд теңге болатын 7 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр», - деді ол Қазақстанның еуропалық бизнес қауымдастығының қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында.