14:34, 12 Шілде 2017 | GMT +5
Биыл 8 мың қызылордалық жер телімін алады
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда облысында жер телімін алып, баспана салғандардың саны жыл санап көбейіп келеді. Облыстық жер қатынастары басқармасы мамандарының дерегінше, биыл 8 мың қызылордалық мемлекеттен тегін жер телімін алады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қазір облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға 110 526 өтініш берілген, оның 27 477-і қанағаттандырылса, қалған 83 049-ы арнайы кезекке қойылған. Ең көп өтініш Қызылорда қаласында берілген - 53203, Шиелі ауданында - 7327, Қазалы ауданында - 6094, Қармақшы ауданында - 5824, Арал ауданында - 4243, Жаңақорған ауданында - 3390, Жалағаш ауданында - 2161 және Сырдария ауданында 807 адам жеке баспана салуға ниет білдірген.
Биыл үлестірілетін жер учаскелерінің 4491-і облыс орталығына тиесілі, аудандар бойынша 3648 учаске берілуі тиіс.