Биыл 8 судья жұмыстан шығарылды - ҚР Жоғарғы соты
АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қазақстанда 8 судья жұмыстан босатылды. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Жоғарғы сотының судьясы, Сот алқасының төрағасы Моряк Шегенов мәлім етті.
«Маусымның 1-інен бастап Сот алқасы өз жұмысына кірісті. Осы уақытқа дейін оның екі отырысы өтіп, онда 34 судьяға қатысты материалдар қаралды. Олардың ішінде 8 судьяға қатысты тәртіптік жазаға қолданылып, оларды жұмыстан шығару туралы шешім шығарылды», - дейді М.Шегенов.
Оның айтуынша, тағы бес судьяға сөгіс жарияланды. Ал қалған 21 судьяның ісі бойынша отставкаға жіберу мәселесі қаралды.