Биыл 81 миллион тонна мұнай өндіріледі

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Мұнай өндіру көлемі 81 млн. тонна деңгейінде сақталады.

Биыл 81 миллион тонна мұнай өндіріледі

Бұл туралы бүгін биылғы жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын нақтылау туралы Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.

Министрдің сөзіне қарағанда, құрылыс саласындағы нақты мәндегі жұмыстар көлемі бұдан бұрын болжанған бағалау бойынша 2010 жылдың деңгейінде сақталады. «Нақты сектордағы болжанып отырған жоғары өсім аясында қызмет саласы бойынша болжам тұтастай алғанда 2,3 пайызды тармаққа өсіп, 5,5 пайызға дейін ұлғаю жағына қарай түзетілді»,-деді Ж. Айтжанова.

Нақтыланған болжамдар бойынша сауда көлемі 7 пайызға, көлік қызметі 7 пайызға, ақпарат және байланыс қызметі 8 пайызға өседі.