Биыл 9 мың шақырымнан астам темір жол төсемін қайта жөнделеді - ҚТЖ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл жазғы жөндеу жұмыстары барысында 9 мың шақырымнан астам темір жол төсемін қайта жөндеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Биыл «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жол дистанцияларының қызметкерлері 100 шақырымға жуық жолға түбегейлі жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Ақмола, Павлодар, Алматы, Ақтөбе жол бөлімшелерінің учаскілерінде Ағадыр машиналандырылған жол бөлімшесі жұмысқа жұмылдырылады.
Жол жөндеушілер отандық өнім - Ақтөбе рельс арқалық зауытының рельстерін қолданбақ.
Магистральдарға түбегейлі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 180 мыңнан астам жаңа темірбетонды шпалдар мен олардың бекіткіштерін жеткізу жоспарланып отыр.
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау жол бөлімшелерінің учаскілерінде «Темір жол жөндеу» ЖШС мен «Жол жөндеуші» ЖШС мердігер ұйымдары 240 мың шақырымнан астам жолды түбегейлі жаңартады.
Қазіргі уақытта темір жолдың түрлі учаскілерінде жолдарды орташа жөндеу, рельс бунақтарын ауыстырып, ескі рельстерді жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.