Биыл 928 елді мекен 3G және 4G Интернет желілерімен қамтамасыз етіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл 928 елді мекен 3G және 4G Интернет желілерімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметіндегі брифингіде ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов атты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі әлемде адамдар негізінен мобильді құрылғыларды пайдаланады және осы сәтте Қазақстанда 34 миллионға жуық мобильді құрылғы тіркелген. Оның ішінде Интернетке қосылған смартфондарды белсенді пайдаланатын 14,9 млн ұялы байланыс құрылғысын пайдаланатын абонеттік белсенді пайдаланушы бар. Олар цифрлық әлемде тұрып жатыр. Осыған байланысты министрлік әкімдіктермен бірге 13 ақпан күні меморандумға, одан кейін әкімдіктер келіскен жоспар кестеге қол қойды. Аталған жоспар кестеде ауылдық жерлерде мобильді Интернетті дамыту жұмыстары белгіленген», - деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, осы жылдың соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар 928 елді мекен жылдамдығы жоғары 3G және 4G Интернет желілерімен қамтамасыз етіледі.

«Сонымен қатар Қазақстан қосылу жылдамдығы 100 мБит/секундпен Интернет қызметіне арналған ең төменгі тариф бойынша әлемнің 5 елінің қатарына кіретіндігін атап өткен орынды», - деді Дарын Тұяқов.


Соңғы жаңалықтар